кіріктірме бөлікті төмен қаратып
салмаңыз. Жуғыш затпен бірге
берілген өлшегіш шар немесе сашені
барлық жағдайда қолдануға болады.
Жуу циклының соңында өлшегіш
құралды алыңыз.
• Тұтанғыш мұнай өнімдеріне тиген
киім-кешектерді кір жуғыш машинада
жууға болмайды. Буланатын
тазартқыш сұйықтар пайдаланылса,
киімді машинаға салмай тұрып
тазартқыш сұйықты кетіріп алу қажет.
• Ашаны розеткадан ешқашан қорек
сымынан тартып ағытпаңыз; әрқашан
ашаның өзінен ұстап тартыңыз.
• Қорек сымына, басқару панеліне,
жұмыс алаңына не түбіне нұқсан
келіп, ішкі жағы ашық қалған кір
жуғыш машинаны ешқашан
пайдаланбаңыз.
Балалар қауіпсіздігі
• Дене, жүйке не болмаса ақыл-ой
кемістігі бар, немесе осы құрылғыны
қауіпсіз пайдалану үшін тәжірибесі
мен білімі жеткіліксіз адамдардың
(соның ішінде балалардың)
қауіпсіздігі үшін жауап беретін адам
қадағаламаса немесе құрылғыны
пайдалану бойынша нұсқау бермесе,
олардың бұл құрылғыны қолдануына
болмайды.
• Балалар құрылғымен ойнамауы үшін
оларды үнемі қадағалап отыру керек.
• Орам материалдары (мысалы,
пластик орам, полистирол) балалар
үшін қауіпті болуы мүмкін – тұншығып
қалу қаупі бар! Оларды балалардың
қолы жетпейтін жерде ұстаңыз.
• Жуғыш заттардың барлығын
балалардың қолы жетпейтін жерде
сақтаңыз.
• Балалар мен үй жануарларының
барабанға кіруіне жол бермеңіз.
Құрылғы балалар мен үй жануарлары
барабанның ішіне кіріп қамалып
қалмас үшін арнайы функциямен
жабдықталған. Бұл құралды қосу үшін
есіктің ішкі жағындағы түймешікті
(баспай тұрып) сағат тілінің
бағытымен таңбасы көлденең
қалыпқа келгенше бұраңыз. Қажет
болса тиынды пайдаланыңыз.
Бұл құралды ажыратып есікті
қайтадан жабылатындай қалыпқа
келтіру үшін, түймешікті сағат тілінің
бағытына қарсы бұрап, таңбасын тік
қалыпқа келтіріңіз.
МҰЗ ҚАТУДАН САҚТАНДЫРУ ШАРАЛАРЫ
Егер құрылғы температурасы 0°C
градустан түсетін жерге қойылса,
құрылғының ішінде қалған суды төгу
үшін келесі әрекеттерді орындаңыз:
1. құрылғыны тоқтан ажыратыңыз;
2. су құятын шүмекті жабыңыз;
3. су құятын түтікті шүмектен ағытыңыз;
4. су төгетін түтікті артқы тіреуіштен
ағытып, раковина немесе төлкеден
алыңыз;
5. шараны еденге қойыңыз;
6. Су төгетін түтікті еденге төсеп, су
төгетін және құятын түтіктердің
ұштарын еденге қойылған шараға
салып суын әбден ағызыңыз;
4 electrolux