+
4
Қосымша шаю
Бұл құрылғы суды үнемдейтін етіп жасалған.
Дегенмен, терісі өте сезімтал (жуғыш затқа
аллергиясы бар) адамдар үшін кірді қосымша сумен
шаю қажет болуы мүмкін.
2 және 4 түймешіктерін бірнеше секунд қатар
басыңыз: 7.2 сигнал шамы жанады. Бұл функция
тұрақты түрде белсенді күйде болады. Оны алу
үшін осы түймешіктерді 7.2 түймешігінің сигнал
шамы сөнгенше қайта басыңыз.
5
Бейнебет
5.1
5.2
5.3
Бейнебетте төмендегі ақпарат көрсетіледі:
5.1 Кешіктіріп бастау белгішесі
5.2 Бала қауіпсіздігі құлпы
Бұл құрал жұмыс істеп тұрған құрылғыны қараусыз
қалдыруға мүмкіндік береді.
5.3
• Таңдалған бағдарламаның ұзақтығы
Бағдарламаны таңдағаннан кейін бейнебетте
оның ұзақтығы сағат пен минут арқылы
(мысалы,
) көрсетіледі. Бағдарламаның
ұзақтығы матаның әрбір түрі үшін ұсынылатын ең
үлкен салмақ негізінде автоматты түрде
есептеледі. Бағдарлама басталғаннан кейін, оның
соңына дейін қалған уақыт минут сайын жаңарып
отырады.
• Кешіктіріп бастау
Бейнебетте қажетті түймешікті басу арқылы
таңдалған кешіктіріп бастау уақыты бірнеше
секунд көрсетіліп тұрады да, содан кейін
таңдалған бағдарламаның ұзақтығы қайта
көрсетіледі. Кешіктіріп бастау уақыты әр сағат
сайын бір сағатқа кеміп отырады да, соңғы 1
сағат қалғанда, минут сайын азая бастайды.
• Ескерту кодтары
Құрылғы жұмысына қатысты ақаулықтар
туындаған кезде, бейнебетте кейбір ескерту
кодтары мысалы,
пайда болады («Келесі
жағдайда не істеу керек...» тарауын қараңыз).
• Қате таңдалған функция
Орнатылған жуу бағдарламасына сай келмейтін
функция таңдалса, бейнебеттің астыңғы
жағында Err жазуы бірнеше секунд көрсетіледі
де, 8 түймешігінің қызыл сигнал шамы
жыпылықтай бастайды.
• Бағдарлама соңы
Бағдарлама аяқталған кезде, нөл ( )
көрсетіледі, сигнал шамы 7.3 жанып, 8
түймешігінің сигнал шамы өшеді де, есікті аша
беруге болады.
18 electrolux
2