Electrolux. Thinking of you.
Біздің басқа идеяларымызбен www.electrolux.com веб-
сайтынан танысыңыз.
МАЗМҰНЫ
Қауіпсіздік туралы мағлұматтар
2
Мұз қатудан сақтандыру шаралары
4
Қоршаған ортаға зиян келдірмеу туралы
мағлұматтар
5
Бұйым сипаттамасы
6
Техникалық сиппатама
6
Орнату
6
Бірінші қолдану
11
Жеке талаптарға сай лайықтау
11
Әркүндік қолдану
12
Жуу бағдарламалары
21
Пайдалану көлемі
24
Күту менен тазалау
25
Не істерсіңіз, егер...
28
Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.
ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТТАР
Өте маңызды! Мұқият оқып шығыңыз
да, болашақта пайдалану үшін сақтап
қойыңыз.
• Құрылғыңыздың қауіпсіздігі өнеркәсіп
стандарттары мен тұрмыстық
құрылғылардың қауіпсіздігіне қатысты
заң талаптарына сай келеді.
Дегенмен, өндіруші ретінде қауіпсіздік
туралы төмендегі ақпаратты беруді
міндетіміз деп санаймыз.
• Бұл нұсқаулық кітапшаны болашақта
қарау үшін құрылғымен бірге сақтап
қою қажет. Құрылғы сатылса не басқа
пайдаланушыға берілсе не өзіңіз
көшіп, құрылғыны қалдырсаңыз, оның
жаңа иесі құрылғының функциялары
мен оған қатысты ескертулерден
хабардар болу үшін осы кітапшаны
құрылғымен бірге қалдырудың
маңызы зор.
• Құрылғыны орнатып, пайдаланбас
бұрын осы ақпаратты мұқият оқып
шығуға ТИІССІЗ.
• Құрылғыны алғаш рет іске қоспас
бұрын, тасымалдау барысында оның
бүлінбегенін тексеріңіз. Бүлінген
құрылғыны ешқашан іске қоспаңыз.
Бөлшектері бүлінген жағдайда,
сатушыға хабарласыңыз.
• Егер құрылғы қыстың температурасы
нөлден төмен суық айларында
жеткізілсе, оны алғаш рет
пайдаланбас бұрын бөлме
температурасында 24 сағат ұстаңыз.
• Бұл құрылғы тек тұрмыста пайдалану
үшін жасалған. Мұз қату салдарынан
болған ақаулық үшін өндіруші
жауапкершілік көтермейді. "Мұз
қатуға қарсы сақтық шаралары"
тарауын қараңыз.
Қауіпсіздік туралы жалпы ақпарат
• Осы өнімнің техникалық
сипаттамаларын өзгерту не оны
түрлендіруге әрекет жасау қауіпті.
• Жоғары температурада жуатын
бағдарламаларды қолданғанда
есіктің шынысы қызып кетуі мүмкін.
Оны қолмен ұстамаңыз!
• Кішкене балалар мен үй
жануарларының барабанға кіруіне
жол бермеңіз. Бұның алдын алу үшін
құрылғыны қолданар алдында
барабанның ішін тексеріңіз.
• Тиын, темір түйреуіш, шеге,
бұрамашеге, тас сияқты не басқа да
қатты, өткір заттар қатты бүлдіруі
мүмкін болғандықтан, оларды
құрылғыға салмау керек.
• Мата жұмсартқыш пен жуғыш затты
көрсетілген мөлшерде ғана
пайдаланыңыз. Оларды шамадан
артық салсаңыз, матаға зиян келтіруі
мүмкін. Қолдану мөлшерін өндіруші
нұсқаулығынан қараңыз.
• Ұйық, баулар, жуылатын белдіктер
т.с.с. сияқты ұсақ бұйымдарды кір
салатын арнайы торға не жастық
қапқа салыңыз, себебі мұндай заттар
2 electrolux