Ең үлкен салмақ
Ұсынылатын салмақ "Жуу
бағдарламалары" тарауында берілген.
Жалпы ережелер:
• Мақта, зығыр : кірді барабанға
толтыра, бірақ аса тығыздалмай салу
керек;
• Синтетика : кір барабанның
ортасынан асырмай салынады;
• Нәзік мата мен жүн мата : кір
барабанның үштен біріне дейін
толтырылады.
Есікті абайлап жабыңыз
Назарыңызда болсын! Маталардың
есікті жапқан кезде қыстырылып
қалмағанына көз жеткізіңіз.
Жуғыш заттар мен үстемелер
Кірдің жақсы жуылуы сондай-ақ қандай
тазартқыш заттың таңдалғанына және
оны ысырап етпей, қоршаған ортаны
қорғау үшін дұрыс мөлшерде
пайдаланылуына да байланысты.
Тіпті биологиялық түрде ыдырайтын
тазартқыш заттардың құрамында да
қоршаған ортаның теңгерімін бұзуы
мүмкін заттар болады.
Жуғыш затты таңдау матаның түріне
(нәзік мата, жүн тоқыма, мақта мата
т.б.), түсіне, жуу температурасына және
кірлеу дәрежесіне байланысты болады.
Әдетте кір жуғыш машинада
пайдаланылатын жуғыш заттардың
барлығын да осы құрылғыда қолдануға
болады:
• матаның барлық түрлеріне арналған
ұнтақ жуғыштар,
• нәзік мата (ең көбі 40°C) мен жүн
тоқымаларға арналған ұнтақ
жуғыштар,
• матаның барлық түрлеріне не тек жүн
матаға арналған, төмен
температурада жуатын
бағдарламаларға (ең көбі 60°C)
арналған сұйық жуғыш заттар.
Жуғыш заттың пайдаланылатын
мөлшері
Жуғыш заттың түрі мен қолданылатын
мөлшері матаның түріне, салынған
мөлшеріне, қаншалықты кірлегеніне
және пайдаланылған судың
кермектігіне байланысты.
Жуғыш затты пайдалану мөлшерін
әрқашан оның орамынан қараңыз.
Төменгі жағдайларда жуғыш затты
азырақ жұмсаңыз:
• кірдің аз ғана мөлшерін жусаңыз,
• шамалы ластанған кір үшін,
• жуған кезде көп көбік пайда болса.
Су кермектігінің деңгейі
Судың кермектігі кермектік «деңгейі»
деп аталатын өлшеммен анықталады.
Жергілікті жердегі судың кермектігі
туралы ақпаратты сумен жабдықтайтын
компаниядан не жергілікті мекемеден
алуға болады.
Судың кермектігі орташа не жоғары
болса, әрқашан өндірушінің
electrolux 13