• Құрылғыны сөндіру үшін , бағдарлама таңдау
тетігін қалпына қойыңыз.
• Орындалып тұрған бағдарламаны болдырмау
немесе өзгерту үшін бағдарлама таңдау тетігін
қалпына қойып құрылғыны сөндіріңіз. Бағдарлама
таңдау тетігін қажетті бағдарламаға бұрап, жаңа
бағдарламаны таңдаңыз. Жаңа бағдарламаны 8
түймешігін қайта басып бастаңыз. Барабанның
ішіндегі су төгілмейді.
2
Температура
түймешігі
Кір жууға барынша қолайлы температураны таңдау
үшін температура түймешігін басыңыз.
: Суық сумен жуу.
3
Айналдыруды азайту
және Шаюды кідірту
Айналдыруды азайту
Бағдарламаны таңдаған кезде машина осы
бағдарлама үшін тағайындалған максимум
айналдыру жылдамдығын автоматты түрде
ұсынады.
Егер кірді басқа жылдамдықта айналдырып
жуғыңыз келсе, осы түймешікті қайта-қайта басып,
айналдыру жылдамдығын өзгертіңіз. Тиісті шам
жанады.
Шаюды кідірту
Осы функцияны таңдағанда айналдыру
кезеңдерінің ешқайсысы орындалмай, орнына
киімдер бырысып қалмас үшін суды төгу циклі
орындалады. Бұл функция аса нәзік маталар үшін
ұсынылады. Кейбір бағдарламалардың шаю
циклдеріне көбірек су қосылады.
4
Аса жылдам
Осы түймешікті басқанда, тиісті сигнал шамы
жанады.
Жеңіл-желпі кірлеген зат не жеңіл ғана тазартылуға
тиіс киім-кешектерге арналған қысқа цикл.
Осы параметрді қолданғанда кірдің мөлшерін
азайтуды ұсынамыз:
• Мақта мата 3 кг
• Синтетика және нәзік мата 1,5 кг
electrolux 17