Су құятын түтіктің сүзгілерін тазалау
Өте маңызды! Егер құрылғыға су
толмаса, немесе су ұзақ уақыт құйылса,
“бастау” түймешігі қызыл жарық
шығарып жыпылықтайды немесе
бейнебетте (егер бар болса) тиісті код
(толығырақ ақпаратты "Келесі жағдайда
не істеу керек..." тарауынан қараңыз)
пайда болса, су құятын түтік сүзгілерінің
бітеліп қалмағанын тексеріңіз.
Су құятын түтіктің сүзгілерін тазалау:
• Су құятын шүмекті жабыңыз.
• Түтікті шүмектен ағытып алыңыз.
• Түтіктегі сүзгіні қатты шөткемен
тазалаңыз.
• Түтікті шүмекке қайта бұрап бекітіңіз.
Қосылымның берік екеніне көз
жеткізіңіз.
• Түтікті шүмектен ағытып алыңыз. Су
ағып кетуі мүмкін, еден сүрткіш дайын
тұрсын.
• Клапандағы сүзгіні қатты шөткемен
немесе шүберектің қиқымымен
тазалаңыз.
• Түтікті құрылғыға қайта бұраңыз да,
берік жалғанғанын тексеріңіз.
• Су құятын шүмекті ашыңыз.
НЕ ІСТЕРСІҢІЗ, ЕГЕР...
Құрылғы іске қосылмайды немесе
жұмыс істеп тұрып тоқтап қалады.
Кейбір мәселелер қарапайым
техникалық қызмет көрсетілмегендіктен
не бақылаудың жеткіліксіздігінен пайда
болатындықтан, оларды маманды
арнайы шақырмай, кестелерде берілген
нұсқауларды қолданып шешуге болады.
Құрылғы жұмыс істеп тұрған кезде 8
түймешігінің қызыл сигнал шамының
жыпылықтауы, бейнебетте ақаулық
коды көрсетілуі және құрылғының
жұмыс істеп тұрмағанын көрсетіп,
дыбыстық белгі берілуі мүмкін.
Жергілікті қызмет көрсету орталығына
хабарласпас бұрын төмендегілерді
тексеріңіз.
Ақаулық коды және
дұрыс жұмыс
істемеуі
Ықтимал себебі - Шешімі
28 electrolux