![background image](/i/atlant/90939/atlant-sma-70-s-1010-02/h/atlant-sma-70-s-1010-02-017.png)
17
KAZ
Информация для предварительного ознакомления. Официальной информацией изготовителя не является
3 сурет
4 сурет
панель
кепілдемелік картаның кестесінде берілген. Сонымен қатар кепілдемелік
картаның жеке кестесінде жинақтамалықтардың көлемі туралы ақпарат
та берілген.
1.10
Өндіруші машина конструкциясын ары қарай жетілдіру және
оның сапасын арттыру бойынша тұрақты жұмыс істей отырып, оның негізгі
техникалық сипаттамаларын өзгеріссіз сақтай отырып, машинаның кон-
струкциясы мен жиынтығына өзгертулер енгізуге құқылы.
1.11
Қоршаған орта температурасы 0
0
С төмен жағдайда
тасымалдағаннан кейін машинаны электр желісіне қосар алдында бөлме
температурасында кем дегенде 24 с қоя тұрған жөн.
НАЗАР АУРАДЫҢЫЗ! Өндіруші (сатушы) пайдалану немесе
оны сақтау шарттарын бұзу немесе жеңілмейтін күн әрекеттері (өрт,
табиғат апаттары және т.с.с.) салдарынан орын алған бұйымның
ақаулықтары мен зақымданулары үшін жауапкершілік жүктемейді
(оның ішінде пайдаланудың кепілдікті мерзімінде).
2 Қ А У І П С І З Д І К ТА Л А П ТА Р Ы
2.1
Машина — электротұрмыстық аспап, сондықтан оны пайдалану
кезінде электрқауіпсіздіктің жалпы ережелерін сақтаған жөн.
2.2
Аспап физикалық, сезім немесе ақыл қабілеттері төмен немесе
егер олар бақылауда болмаса немесе олардың қауіпсіздігі үшін жауапты
тұлғамен аспаптың пайдаланылуы туралы нұсқаулық берілмеген болса,
тәжірибесі мен білімі жоқ тұлғалардың (оның ішінде балалар) пайдала-
нуы үшін арналмаған.
Балалар аспаппен ойнауға жол бермеу үшін бақылауда болула-
ры тиіс.
2.3
Электр тоғымен жарақаттанудан қорғаныс түрі бойынша маши-
на І класына жатады.
2.4
Машинаны қосуға арналған жерге қосушы контактісі бар екі
полюсті розетка машинаны электр желісінен жедел ажырату үшін қол
жетімді жерге орнатылған болуы тиіс.
2.5
Машинаны электр желісіне қосар алдында көзбен қоректендіру
бауында зақымданулардың жоқтығын тексеру қажет. Бау иіліп және
қысылған болмауы тиіс.
Қоректендіру бауы зақымданған жағдайда оны алмастыруды, қауіптің
алдын алу үшін, өндіруші немесе сервис қызметі орындауы тиіс.
2.6
Сақтық шараларын машинаны жылжыту және тасымалдау кезінде
сақтаған жөн, себебі ол үлкен салмаққа ие.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Машинаны тіреуіш, тумба және т.б. ретінде
пайдаланбаңыз.
Машинаны оны атмосфералық әсерге қалдырмас үшін, жайдан тыс
орнатуға
ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ
.
3.1.2-мен сәйкес машинаны пластмасс тығындарды орнатусыз
пайдалануға
ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ
.
2.7
Машинаны суық сумен қамту машинасына қосу кезінде жеткізу
жиынтығына кіретін жаңа құю шлангін ғана пайдаланған жөн.
Машинада құрамында еріткіштер бар құралдарды пайдалануға
ТЫЙ
-
ЫМ САЛЫНАДЫ
, себебі улы газдардың бөліну, машинаның зақымдану,
тұтану және жарылыс қауіпі бар.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Есік бекітпесі кронштейнінің сынуының
алдын алу үшін машинаның ашық есігіне сүйенбеңіз.
2.8
Жуу үрдісінде машина есігі шынысына жанасуға ұсынылмайды,
себебі ол қызады және күйік себебі бола алады.
2.9
Жуу аяқталғаннан кейін машинаны сөндіріп, оны ашаны розет-
кадан шығара отырып, электр желісінен ажыратып, және суды жіберу
кранын жабу қажет.
Электр және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ТЫЙЫМ
САЛЫНАДЫ
:
— машинаны тоқтың асқын жүктелулерінен ақаулы қорғанысы бар
электр желісіне қосу;
— машинаны қосу үшін жерге қосушы контактісі жоқ розетканы пай-
далану;
— машинаны электр желісіне қосу үшін жалғастырғыш тетік, көп орын-
ды (екі және одан да көп қосу орындары бар) розеткалар және ұзарту ба-
уларын пайдалану;
— қоректендіру бауынан ұстай отырып, машинаны электр желісінен
ажыратыңыз;
— қоректендіру бауын розеткаға енгізу және шығару, жұмыс істеп
тұрған машинаға ылғал қолмен жанасу;
— машинаны су ағынымен жуу;
— өз бетімен жөндеу және машинаның конструкциясына және оның
су- және электрмен қамтамасыздандырылуына өзгертулер енгізу, бұл
машинаның маңызды зақымдануларына әкеліп және кепілдікті жөндеуге
құқықтарды жоя алады. Жөндеуді тек қана сервис қызметінің білікті
механигі орындауы тиіс, себебі біліксіз орындалған жөндеуден кейін
бұйым қауіп көзіне айналуы мүмкін.
2.10
Машина жұмысында электр тырсылының, тұтанудың және т.б.
пайда болуымен байланысты ақаулық орын алған жағдайда, машина-
ны қоректендіру бауын розеткадан шығара отырып электр желіден де-
реу ажыратып, суды жіберу кранын жауып, сервис қызметі механигін
шақыру қажет.
Өрт орын алған жағдайда машинаны дереу электр желіден ажыра-
тып, суды жіберу кранын жауып, өртті сөндіру шараларын қабылдап және
өрт қызметін шақыру қажет.
2.11
Машинаның қызмет ету мерзімі тұрмыстық жағдайларда
пайдаланған уақытта 10 жыл.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Машинаның қызмет ету мерзімі
аяқталғаннан кейін өндіруші бұйымның қауіпсіз жұмысы үшін
жауапкершілік жүктемейді. Ары қарай пайдалану қауіпті болуы
мүмкін, себебі материалдардың табиғи ескіру және машинаның
құрама бөліктерінің тозу салдарынан электро- және өрт қауіпі бар
жағдайлардың орын алу ықтималдылығы едәуір артады.
3 М А Ш И Н А Н Ы Ж Ұ М Ы С Қ А Д А Й Ы Н Д А У
3.1 ОРНАТУҒА ДАЙЫНДАУ
3.1.1
Машинаны орау материалдарынан босату (полиэтилен үлдір,
пенополистироль бөлшектер). Дисплейдегі қорғаныс үлдірді алып та-
стау (болған жағдайды).
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Машинаны зақымдамас үшін 1 суретпен
сәйкес оның тартпасынан, есігінен немесе нығыздағышынан ұстап
тұрып жылжытпаңыз.
3.1.2
Машинаны тасымалдау үшін бак блоктау бұрандаларымен
бекітілген.
Төрт бұранданы гайка кілті көмегімен бұрап шығарып және 3 су-
ретпен сәйкес резина және пластмасс төлкелерді шығару қажет. Егер
төлкелер машина ішінде қалса және олар шықпаса, крест тәрізді бұрағыш
көмегімен 4 суретпен сәйкес артқы панельді шешіп және оларды шығару
қажет. Панельді орнына орнатыңыз. Тесіктерді жеткізу жиынтығына кіретін
пластмасса тығындармен жабыңыз.
Бұрандалар мен төлкелерді болашақта машинаны тасымалдау
мүмкіндігі үшін сақтап қойыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Корпустың ықтимал зақымдануының ал
-
дын алу үшін машинаны орнатылған блоктау бұрандаларымен, ре
-
зина және пластмасса төлкелерімен қоспаңыз.
3.2 МАШИНАНЫ ОРНАТУ
3.2.1
Машина берік, тегіс және құрғақ бетке орнатылуы тиіс. Еденнің
жұмсақ жамылғысы (кілем, пенополиуретан негізіндегі жамылғы және
т.б.) дірілге және машинаның желдетілуінің нашарлауына ықпал етеді.
Ағаш еденге машинаны алдын-ала қалыңдығы 15 мм кем емес ағаш
материалдардан жасалған плитаны еденге нық бекіте отырып орнатқан
жөн. Ағаш еденде жұмыс істеу барысында машинаның тұрақтылығын
арттыру үшін оны жайдың бұрышына орнату ұсынылады.
3.2.2
Машинаны 5 суретпен сәйкес реттелетін тіреулерді айналдыра
отырып, еденге қатысты қатаң көлденең деңгей бойынша қойыңыз: гай-
ка кілтімен тіреулердегі контргайкаларды босатыңыз, тіреулер биіктігін
реттеңіз, контргайкаларды қысыңыз. Машинаны деңгей бойынша теріс ор-
нату немесе контргайкаларды жеткілікті тартпау кейін машинаның жұмыс
істеу кезіндегі діріл және жоғары шуыл көзі бола алды.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Машинаның максималды тұрақтылығын
қамтамасыз ету үшін тіреулерді айналдыру максималды болуы тиіс.
3.3 ЭЛЕКТР ЖЕЛІСІНЕ ҚОСУ
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Машина жерге қосылған болуы тиіс.
3.3.1
Машина электр желісіне жерге қосушы контакті бар екі полюсті
розетка арқылы қосылуы тиіс, оның рұқсат етілген тоғы 16 А кем емес.
Розеткаға қимасы 1,5 мм
2
кем емес мыс желісі бар немесе қимасы 2,5 мм
2
кем емес қалайы желісі бар үш сымды кабель қосылған болуы тиіс. Фа-
залы сым 16 А максималды тоққа (іске қосылу тоғы) арналған, электр