![background image](/i/atlant/90939/atlant-sma-70-s-1010-02/h/atlant-sma-70-s-1010-02-018.png)
18
KAZ
Информация для предварительного ознакомления. Официальной информацией изготовителя не является
5 сурет
контргайка
8 сурет
9 сурет
АШЫҚ
ЖАБЫҚ
7 сурет
6 сурет
10 сурет
12 сурет
11 сурет
тіреу
сүзгі
желіні қорғаудың автоматты құрылғысы арқылы қосылған болуы тиіс, іске
қосылу уақыты 0,1 с артық емес.
Егер розеткаға көрсетілген кабель қосылмаған болса немесе маши-
наны орнату орнынан қашық болса, электр желіні жетілдіру және розет-
каны монтаждауды орындау қажет. Электр желіні жетілдіру және розет-
каны монтаждау бойынша жұмыстарды білікті персонал орындауы тиіс.
Жерге қосуды жеке сыммен, сонымен қатар, жылыту, суқұбыры не-
месе канализация жабдығы арқылы төсеуге
ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ
.
НАЗАР АУРАДЫҢЫЗ! Өндіруші (сатушы) егер олар қосуға
қойылатын көрсетілген талаптарды сақтамаумен байланысты
туындаған болса, денсаулыққа және жеке меншікке келтірілген зиян
үшін жауапкершілік жүктемейді.
3.4 СУҚҰБЫРЫНА ЖӘНЕ КАНАЛИЗАЦИЯҒА ҚОСУ
3.4.1
Машина 3/4 дюйм бұрандалы келтеқұбыры бар су жіберу кра-
ны арқылы тек суық сумен қамту желісіне қосылады.
3.4.2
Машинаны суқұбырына қосар алдында жөн:
— суқұбыр кранын ашу және құбырдағы құм және тот түріндегі ла-
стануларды шаю үшін суды ағызу;
— 6 немесе 7 суретпен сәйкес құю шлангіндегі сүзгінің тазалығын
тексеру;
— егер құю шлангінде 6 суретпен сәйкес қорғаныс жүйесі бар болса,
онда шлангінің арнайы терезесіндегі түске назар аудару қажет. Терезенің
сары түсі шлангінің жарамдылығын көрсетеді;
— құю шлангін гайкаларды қолмен нығыз тарта отырып, 6 неме-
се 7 суретпен сәйкес суды жіберу кранының бұрандалы келтеқұбырына
және 8 суретпен сәйкес машинаға қосу.
3.4.3
Жуу кезінде су жіберу краны 9 суретпен сәйкес толық ашылған
болуы тиіс.
3.4.4
Төгу шлангі 10 суретпен сәйкес еден деңгейінен кем деген-
де 60 және 90 см көп емес биіктікте болуы тиіс. Осы талап сақталмаған
жағдайда машина жұмыс істемейтін болады.
3.4.5
Суды тікелей канализацияға төгу үшін машинаның төгу шлангі
ағынды судың артқа машинаға сорылуының алдын алу үшін ішкі диаметрі
40 мм кем емес канализация құбырының суағар (сифон) буынынан
жоғары орнатылады.
Төгу шлангі 11 суретпен сәйкес тікелей келтеқұбыры бар сифонға
қосыла алады.
3.4.6
Суды қол жуғышқа немесе ваннаға төгу кезінде шлангіні 12 су-
ретпен сәйкес иілген орында машинаны жеткізу жиынтығына кіретін ар-
найы кронштейнмен бекіту қажет.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Суқұбырына және канализацияға
қосылғаннан кейін құю және төгу шлангтері бүгілмеген немесе
қысылмаған болулары тиіс.
3.4.7
Машина суқұбырына және канализацияға қосылғаннан кейін
шлангтер қосылыстарының герметикалылығын тексерген жөн — қосылыс
орындары құрғақ болуы тиіс.
4 А Л Ғ А Ш Қ Ы Қ О С У
4.1 АЛҒАШҚЫ ЖУУ
4.1.1
Əрбір машина өндірушінің сынақтарынан өтеді, сондықтан ма-
шинада судың аз мөлшері болуы мүмкін. Машинаның ішін тазарту және
сынақтардан кейін қалған суды жою үшін алғашқы жууды киімді жүктеусіз
орындау қажет.
4.1.2
Алғашқы жуу «ХЛОПОК» бағдарламасын және 90
0
С темпера-
турасын орната отырып орындалады (қосымшаны қар.).
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Алғашқы жуу кезінде тартпаның 2
бөлімшесіне 14,15 суреттермен сәйкес жуғыш құрал өндірушісінің
ұсыныстарын ескере отырып, киімнің максималды жүктемесіге
арналған жуғыш құрал нормасының жартысын салу.
4.2 ЖУУДЫ БАСТАР АЛДЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ ҰСЫНЫСТАР
4.2.1
Машинаны қосар алдында суқұбыр кранын ашу қажет және суды
төге отырып, суда құм, тот және т.б. түріндегі ластанулар жоқ екендігіне
көз жеткізу.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Өндіруші (сатушы) жуу сапасы, сонымен
қатар, тоты, құмы, қағы және т.б ластанған суды пайдаланумен байланы
-
сты машинаның ақаулықтары мен зақымданулары үшін жауапкершілік
жүктемейді (оның ішінде пайдаланудың кепілді мерзімінде де).
4.2.2
Құю және төгу шлангтерін орнату дұрыстығын тексеру (3.4 см.).
Егер машина ұзақ уақыт бойы пайдаланылмаған болса, гайканы
бұрап және шлангті су жіберу кранынан ажырата отырып, құю шлангінен
тұрып қалған суды төгіп тастаған жөн.
4.3 ДЫБЫСТЫҚ СИГНАЛИЗАЦИЯ
4.3.1
Дыбыстық сигнал машина жұмысының басталуына
және аяқталуына ілеседі, сонымен қатар, үйлеспейтін функция-
лар көрсетілгенде, машина жұмыс істеп тұрған уақытта таңдалынған
бағдарлама бойынша батырмаларды кездейсоқ басқан уақытта шығады.
5 Ж Ұ М Ы С Т Ә Р Т І Б І
5.1
Киімді дайындау және машинаға жүктеу (6.1 қар.).
Барабанда бөтен заттардың, онда үй жануарларының болмауын
тексеру.
Есіктің жабылудан блоктағышын алдын-ала шеше отырып (егер ол
орнатылған болса 5.7 қар.), есікті сезілетін сыртылға дейін жабу.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Киім есік пен нығыздағыш арасына
қысылмаған болуы тиіс.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Синтетикалық жуғыш құралдарды (бұдан
әрі - СЖҚ), электр қуатын үнемдеу үшін және қоршаған ортаның ла
-
стануын азайту үшін жуу бағдарламасын таңдау кезінде мата түрі
мен бұйымның ластану дәрежесін ескеріңіз.
5.2
Тартпаға автоматты жуғыш машиналарға арналған жуу құралын
және арнайы өңдеуге арналған құралды (6.2 қар.) салыңыз. Тартпаны
ақырып жабыңыз.
Машина жұмыс істеп тұрған уақытта машинаның судың ағуы және
оның шашыруының орын алмауы үшін жуғыш құралдарға арналған тарт-
паны шығаруға
ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ
.
5.3
Қоректендіру бауы ашасын розеткаға енгізіңіз және суды жіберу
кранын ашыңыз (9 сур. қар.).
5.4
Машинаны қосымшамен сәйкес қосыңыз. Жуу бағдарламасын
таңдау және қажет болған жағдайда негізгі параметрлерді көрсету,
қосымша функцияларды таңдау. Машина жұмысының басталуы үшін
СТАРТ/ПАУЗА батырмасын басыңыз, дыбыстық сигнал беріледі, есіктің
блоктау құрылғысы іске қосылады және машина жұмыс істей бастайды.