Инструкция для SAMSUNG GE73MR

(скачивание инструкции бесплатно)
Формат файла: PDF
Доступность: Бесплатно как и все руководства на сайте. Без регистрации и SMS.
Дополнительно: Чтение инструкции онлайн
background image

КАЗАҚ

7

Пештің ішіне тұтанғыш зат салып сақтауға болмайды. Құрамында 

спирті бар тағамдарды немесе сусындарды қыздырған кезде өте 

сақ болыңыз, себебі спирттің буы пештің ыстық бөлігіне тиіп кетуі 

мүмкін. 
Микротолқынды пешті тек ас үй қаптамасының үстіне қойып 

пайдалану керек, микротолқынды пешті жиһаздың ішіне қоюға 

болмайды. (Ас үй қаптамасына қойылатын үлгі ғана)
ЕСКЕРТУ : Құрылғы мен оның қол жететін бөліктері, құрылғыны 

іске қосқан кезде қызып тұрады. Қыздырғыш элементтерге қол тиіп 

кетпес үшін абай болу керек. 8 жасқа толмаған балаларды, үнемі 

байқап отырмаған жағдайда құрылғыдан алыс ұстау керек.
ЕСКЕРТУ: Балаларға пешті дұрыс қолданбағанда қатерлі 

жағдайлардың орын алатындығын түсіндіріп, оларға тиісті 

нұсқаулар бергеннен кейін микротолқынды пешті қауіпсіз қолдана 

алса ғана, ешкімнің қадағалауынсыз пайдалануға рұқсат етіңіз.
Бұл құрылғыны 8 жасқа толған және одан асқандар ғана қолдануға 

тиіс және кембағал, сезім мүкістігі бар немесе ақыл-есі кем, 

құрылғыны қолдану тәжірибесі жоқ не қолдана білмейтін адамдар 

құрылғыны қауіпсіз қолдану, қатерлі жағдайлар туралы нұсқау 

алса немесе тиісті адамның қадағалауы бойынша пайдалануға 

тиіс. Балалар құрылғымен ойнамауға тиіс. Балалар үлкендердің 

қарауынсыз тазалау немесе күтім көрсету жұмыстарын 

орындамауға тиіс. 
ЕСКЕРТУ: Егер есік немесе есік тығыздағыштарына нұқсан келсе, 

микротолқынды пешті уәкілетті техник маман жөндегенше іске 

қосуға болмайды.
ЕСКЕРТУ: Микротолқын қуатынан қорғайтын қақпақты алуды қажет 

ететін жөндеу немесе техникалық күтім көрсету жұмыстарын, 

білікті маманнан басқа адамдар жүзеге асырса, бұл олар үшін 

қатерлі. 
ЕСКЕРТУ: Электр қатеріне түсіп қалмас үшін, құрылғы шамын 

ауыстырар алдында оның электр желісінен ағытулы екеніне көз 

жеткізіңіз.
ЕСКЕРТУ: Сұйық тағамдар мен басқа да тағамды тұмшаланып 

жабылған сауыттарда қыздыруға болмайды, себебі олар жарылуы 

мүмкін.
ЕСКЕРТУ: Құрылғы жұмыс істеп тұрғанда қол жететін бөлшектері 

қызып тұруы мүмкін. Жас балалар күйіп қалмас үшін оларды 

құрылғыдан алыс ұстаңыз.
Есікті ашып-жапқан кезде балаларды алыс ұстаңыз, себебі олар 

есікке соғылып қалуы немесе саусақтарын есікке қыстырып алуы 

мүмкін.

ЕСКЕРТУ: Микротолқынды пеште сусындарды қыздырған кезде 

кенет тасып кетуі мүмкін, сондықтан да, сауытты абайлап ұстау 

керек; Бұндай жағдайдың алдын алу үшін, оларды ӘРҚАШАН 

пешті сөндіргеннен кейін, температура біркелкі болуы үшін 

кем дегенде 20 секунд пештің ішіне қоя тұрыңыз. Қажет болса, 

қыздырып жатқанда араластырыңыз және ӘРҚАШАН қыздырып 

болғаннан кейін араластырыңыз.

Бу шалып кетсе, төмендегі әрекеттерді орындап, АЛҒАШҚЫ 

ЖӘРДЕМ көрсетіңіз:

•  Бу шалып кеткен жерді кем дегенде 10 минут суық суға 

малыңыз.

•  Таза, құрғақ дәкемен жабыңыз. 

•  Ешбір крем, май немесе лосьон жақпаңыз. 

Пештің камерасына және басқару панеліне қол оңай жету үшін, 

оны дұрыс бағытта және биіктікте орнату керек.
Пештің камерасына және басқару панеліне қол оңай жету үшін, 

оны дұрыс бағытта және биіктікте орнату керек.
Құрылғы іске қосылып тұрғанда қызып кетеді. Пештің ішіндегі 

қыздырғыш элементтерге қол тиіп кетпес үшін абай болу керек. 
ЕСКЕРТУ: Баланы тамақтандыратын шөлмектің және балалар 

тағамы салынған қалбырлардың ішіндегісін берер алдында 

араластыру немесе шайқау керек және күйіп қалмас үшін 

температурасын тексеру керек;
Бұл құрылғы кембағал, сезім мүкістігі бар немесе ақыл-есі кем, 

құрылғыны қолдану тәжірибесі жоқ не қолдана білмейтін адамдар 

(балаларды қоса алғанда) қолдануға арналмаған. Олар осы 

құрылғыны өз қауіпсіздігін қамтамасыз ететін адамның нұсқауы 

немесе қадағалауы бойынша пайдалануға тиіс.
Пештің камерасына және басқару панеліне қол оңай жету үшін, 

оны дұрыс бағытта және биіктікте орнату керек. 
Пешті ең алғаш рет іске қосар алдында, пештің ішіне су қойып 10 

минут қосу керек, содан кейін қолдана беруге болады. 
Микротолқынды пешті оның ашасына қол жететіндей етіп орнату 

керек. Егер пештен тосын шуыл, көңірсіген немесе түтін иісі 

шықса, ашаны дереу розеткадан суырыңыз да, жақын қызмет 

көрсету орталығына хабарласыңыз. 
Тазалаған кезде құрылғының беті бұрыңғысынан да қатты ысып 

кетуі мүмкін, балаларды алыс ұстау керек. (Тазалау функциясы 

бар үлгіге ғана қатысты)
Жиналып қалған қоқысты тазалмай тұрып арылтып, пешті тазалаған 

кезде оның ішінде қалдыруға болатын ыдыстарды пеш ішінде қалдыра 

беруге болады. (Тазалау функциясы бар үлгіге ғана қатысты)

GE73MR_BWT_DE68-04091A-04_KK.indd   7

2014-07-16     5:59:24

1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
32
33
34
35
36
37
38
39
40
41
42
43
44
45
46
47
48
49
50
51
52
53
54
55
56
57
58
59
60
61
62
63
64
65
66
67
68
69
70
71
72
73
74
75
76
77
78
79
80
81
82
83
84
85
86
87
88
89
90
91
92
93
94
95
96
97
98
99
100
101
102
103
104
105
106
107
108
109
110
111
112
113
114
115
116
117
118
119
120
121
122
123
124
125
126
127
128
Оглавление инструкции

Document Outline